Жәнібек Әлімханұлының жеңісі жыл нокаутына үміткер атанды

Жәнібек Әлімханұлының жеңісі жыл нокаутына үміткер атанды
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы жыл нокауты атағына үміткерлерді ұсынды. Олардың қатарында Жәнібек Әлімханұлының жеңісі де бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл мамырда қазақстандық боксшы ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) тұжырымы бойынша орта салмақта "уақытша" әлем чемпионы атанған еді.

Осы нокаут Top Rank нұсқасы бойынша үздіктердің қатарына енді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш