Франция президенті Кәрім Бенземаны ӘЧ-ның финалына шақырды

Франция президенті Кәрім Бенземаны ӘЧ-ның финалына шақырды
Фото: sportmk.ru

Франция президенті Эмманюэль Макрон Катардағы әлем чемпионатының финалына барады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осыған орай президент жарақат алған Кәрім Бензема, Нголо Канте және Поль Погбаны финалдық матчті бірге тамашалауға шақырды. Ал Бензема болса жарақатынан айығып, бейсенбіде "Реал" сапында "Леганеске" қарсы жолдастық ойында алаңға шықты.

Сонымен қатар, Бензема әлем чемпионатына дейін Дидье Дешамның тізімінде болғандықтан, мундиальдың медалін мойнына тағады. Тіпті финалдық кездесуде алаңға шығуы да мүмкін.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем біріншілігінің финалында Аргентина мен Франция командалары кездеседі. Матч 18 желтоқсанда өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек