Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) IBO титулы үшін жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Movida promotions промоушнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жанқош Тұраров Луис Энрике Ромероны жеңгеннен кейін IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады. Movida promotions компаниясының басшысы Әлімжан Қалдияров келіссөздерді бастап кетті. Титулдық жекпе-жек 18 наурызда Алматыда өтуі мүмкін", - деп хабарлады ұйым.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Жанқош Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуін жеңіп алған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек