Франция - Марокко матчінде әлем чемпионатының антирекорды тіркелді

Франция - Марокко матчінде әлем чемпионатының антирекорды тіркелді
Фото: FootBoom

Франция - Марокко матчінде әлем чемпионатының антирекорды тіркелді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Opta Sports басылымының мәліметінше, марокколық Юсеф Эн-Несири Францияға қарсы ойында 66 минутта тек үш рет доп тепкен. Бұл - әлем чемпионатында бір ойында 45 минут өткізген ойыншылар арасындағы антирекорд.

Бірақ оның әріптесі Софян Амрабат әлем чемпионатында ерекше жетістікке қол жеткізді.

Еске салайық, марокколықтар 1/2 финалда француздардан ұтылып, енді Катарда өтетін әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін хорваттармен күш сынасады. Бұл матч 17 желтоқсанда өтеді. Ал 18-і Аргентина финалда Франциямен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек