"Тоңдырып тастаған өткен күнім". Қазақ комментаторларының әлем чемпионатындағы хит-сөздері

"Тоңдырып тастаған өткен күнім". Қазақ комментаторларының әлем чемпионатындағы хит-сөздері
Фото: Reuters

Катардағы әлем чемпионатының аяқталуына аз уақыт қалды. Алда енді әлем чемпионы мен басқа да жүлдегерлерді анықтаймыз. Әдемі ойын, ешкім күтпеген нәтижелерден бөлек, қазақ комментаторларының сөздері де Желіде қызу талқыланып жатыр. Massaget.kz тілшісі Желіде тараған осындай ең қызық сәттерді жинап шықты.

Желіде тараған видеолардың көбінде Ермұхамед Мәулен жүргізген сәттер көрсетіледі. Бірінде Португалия - Уругвай матчінде Луис Суарес туралы пікірін айтқан. Бұрындары қарсыласын тістеп алуымен көзге түскен Суарестің "ақсиған тісін" айтып өтті.

@b_ramazan_17 #CapCut #portugal #уругвай #суарес #коментатор ♬ оригинальный звук - Janbolat

Одан кейін Ермұхамедтің 1/8 финалда Португалия - Швейцария кездесуінде Криштиану Роналдудың сүйіктісін "жеңешеміз" деп атауы да Желіде талқыға түсіп, жанкүйерлерді күлдірткен.

@_kyzyk_kz @Ермұхамед Мәулен #fifaworldcup #коментатор #ермухаммедмаулен #kazakhstan?? ♬ оригинальный звук - Kyzyk vidios

Ермұхамед Мәуленнің сол матчтегі тағы бір айтқаны:

@jandostagramm Португалия - Швейцария 6-1 Пепе гол соқты қадірменді ағайын #worldcup2022 #Katar #futbol #рекомендации❤️ #гол ♬ оригинальный звук - Жандос

Ширек финалдағы Англия - Франция кездесуінде ағылшындардың бас бапкері Гарет Саутгейттің күрсінісін де Ермұхамед жақсы баяндап берді.

@komedy_one #франция #англия #чм2022 #футбол ♬ оригинальный звук - Kalizhan

"Бразилияның басты проблемасы - гол салғаннан кейін қалай қуанамыз деген мәселе. (...) Қанекей жастар, көңілдірек!", - дегені де көрерменге ұнаған.

@e.maulen

Қанекей жастар, көңілдірек!

♬ оригинальный звук - Ермұхамед Мәулен

Оның әзілдерінен бөлек, Катардағы стадионды көріп отырып, біз неге осылай сала алмаймыз деген ойы да халықтың көңілінен шықты.

@e.maulen

Осындай стадиондар салсақ, футбол ойнайтындар да көбейеді

♬ оригинальный звук - Ермұхамед Мәулен

Тағы бір комментатор Әлімжан Асқар жүргізген ойыннан бір үзінді:

@alimjanasqar Қатарда осыны көремін деп ойламадым #әлемчемпионаты ♬ оригинальный звук - Әлімжан Асқар

Марокко құрамасы сенсация жасап, Португалияны жеңіп, жартылай финалға шыққан кезде Әлімжан Асқар өз есімін айта алмай қалғаны бар.

@alimjanasqar Ойында қызық көп болды #әлемчемпионаты ♬ оригинальный звук - Әлімжан Асқар

Әлімжан сол матчте Роналдудың жылап бара жатқан сәтін әнші Qarakesek-тің "Қураған гүл" әнімен суреттеді.

"Тоңдырып тастаған өткен күнім, қурап солып қалды еккен гүлім. Өткен баста ұйқысыз түнім, таңдар қайда еді төккен нұрын", деп Криштиану Роналду жылап кетті. Қурап кетті", - деді комментатор.

@alimjanasqar Соңғы сөзін айта алмады ? #роналду ♬ оригинальный звук - Әлімжан Асқар

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш