Аргентина немесе Франция? Суперкомпьютер ӘЧ-2022 жеңімпазын атады

Аргентина немесе Франция? Суперкомпьютер ӘЧ-2022 жеңімпазын атады
Фото: Getty Images

14 желтоқсанда Катарда әлем чемпионатының екінші жартылай финал ойыны өтті. Франция құрамасы Марокконы жеңді (2:0). Five Thirty Eight суперкомпьютері әлем чемпионаты үшін күресте командалардың мүмкіндіктерін бағалады.

Еске салайық, компьютер шабуылда және қорғаныста командалардың күшін көрсететін Soccer Power Index деп аталатын көрсеткішке негізделген. Әлем чемпионатының финалында француздармен жартылай финалда Хорватияны (3:0) жеңген Аргентина құрамасы ойнайды. Суперкомпьютердің айтуынша, жеңіске басты үміткерлер – аргентиналықтар.

© sport.24tv.ua

Аргентина – 53%

Оңтүстік Америка құрамасы мен оның басты жұлдызы Лионель Месси турнирді сәтсіз бастады, топтық кезеңдегі бірінші ойында Сауд Арабиясына сенсациялы түрде ұтылды (1:2). Алайда, кейін Лионель Скалони ойыншылары 2:0 есебімен екі бірдей жеңіске жетіп (Мексика мен Польша құрамалары жеңілді) бірінші орынмен 1/8 финалға шықты. Плей-офф кезеңінің бірінші кезеңінде Аргентина құрамасы Аустралияны 2:1 есебімен ұтты, ширек финалда драмалық матчта Нидерланды құрамасын 2:2 (4:3 пен.), ал финалға шығар ойында Хорватияны ұтты. Месси алты ойында бес гол соқты.

© Soccerstand

2. Франция – 47%

Әлем чемпиондары турнирді Аустралия құрамасын 4:1 есебімен жеңуден бастаса, топтық кезеңнің 2-турында Данияны жеңіп (2:1) мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне өтті. Тунистен ұтылғанымен (0:1) француздар топтағы екінші орынға түспеді. 1/8 финалда Франция Польша құрамасын сенімді түрде ұтты – 3:1, ширек финалда қиын кездесуде Англияны ұтты – 2:1, ал жартылай финалда марокколықтардан басым түсті – 2:0. Килиан Мбаппе де Месси сияқты бес гол соқты, Оливье Жиру еншісінде 4 гол бар.

Бұрынғы болжамдар орындалды ма?

Еске салайық, бұған дейін суперкомпьютер 2022 жылғы әлем чемпионатының екі жартылай финал матчтарының да нәтижесіне болжам жасаған болатын: Аргентина - Хорватия және Франция - Марокко. Финалда аргентиналықтар мен француздардың шығуын дұрыс болжады.

3-орын және финал ойындары Астана уақытымен:

17 желтоқсан

21:00. Хорватия - Марокко.

18 желтоқсан

21:00. Аргентина - Франция.

Т. Раушанұлы