"Кімді айтып отырғанымды білесіздер". Златан Ибрагимович Катардағы ӘЧ жеңімпазын атады

"Кімді айтып отырғанымды білесіздер". Златан Ибрагимович Катардағы ӘЧ жеңімпазын атады
Фото: REUTERS

Италияның "Милан" клубының шабуылшысы Златан Ибрагимович Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалының алдында-ақ турнирде кім жеңімпаз болатынын айтыпты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кім жеңетінін тағдыр жазып қойған сияқты, кімді айтып отырғанымды білесіздер. Трофейді Месси басына көтереді деп ойлаймын, бұл шешіліп қойған", - деп келтірді Ибрагимовичтің сөзін Goal.

Еске салайық, Аргентина жартылай финалда Хорватияны ұтты (3:0), енді 1/2 финалдың екінші ойынында Франция - Марокко матчі өтеді.

Месси - рекорд авторы. Катардағы әлем чемпионатының алғашқы финалисі белгілі болды

Финал 18 желтоқсанға белгіленген, ал үшінші орын үшін ойын бір күн бұрын болады.

@massaget.kz #әлемчемпионаты#чемпионатмира#хорватия#аргентина#месси#жаңалық#рек#катар#2022#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина