Жанқош Тұраровтың әлемдік рейтингідегі орны жоғарылады

Жанқош Тұраровтың әлемдік рейтингідегі орны жоғарылады

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) Boxrec.com сайтындағы орны титулдық жекпе-жектегі жеңісінен соң айтарлықтай өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, Жанқош Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, басты кездесудің жетінші раундында венесуэлалық Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) нокаутқа түсіріп, бірінші жартылай салмақта IBO Inter-Continental чемпионы белдігін жеңіп алған болатын.

Осыған дейін Жанқош BoxRec рейтингісінде өз дивизионы бойынша 242-орында тұрған болатын. Мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңісінен кейін ол 45-ші орынға тұрақтады.

Осыған дейін Жанқош Тұраров WBO Inter-Continental нұсқасы бойынша бірінші жартылай салмақта чемпион болатын.

@massaget.kz #жаңқош#тұраров#ibo#intercontinental#белбеу#спорт#бокс#рек#қазақстан#казахстан#спортсмен#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова