Роналду бас бапкермен жанжалдасты. Форвард ӘЧ-ден кетуі мүмкін

Роналду бас бапкермен жанжалдасты. Форвард ӘЧ-ден кетуі мүмкін
Фото: instagram.com

Криштиану Роналду Катарда әлем чемпионаты өтіп жатқан кезде Португалия футбол құрамасынан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Record мәліметінше, шабуылшы мен команданың бас бапкері Фернанду Сантуш арасында дау шыққан. Роналду Оңтүстік Кореямен (1:2) топтық кезең матчында ауысқанына наразы болған.

Сонымен қатар, ол 74-минутта алаңға шығып, Швейцарияға қарсы 1/8 финал матчына (6:1) қатыса алмаған.

Осы шешім Сантуштың ұлттық құрамадағы орнынан кетуіне қауіп төндіреді. Сондай-ақ, Роналдудың әпкесі Португалия құрамасының жаттықтырушысын ағасын қорлады деп айыптаған.

Айта кетейік, ширек финалда португалдықтар Мароккомен ойнайды. Матч 10 желтоқсанда өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова