"Күлкімді келтірмеші". 20 нокауты бар бразилиялық Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келеді

"Күлкімді келтірмеші". 20 нокауты бар бразилиялық Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келеді

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен  (13-0, 8 КО) жұдырықтасқысы келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жәнібек твиттер желісінде "жақсы, келесі кім?" деп жазған болатын.

"Мен келе жатырмын!" - деп жауап жазыпты бразилиялық.

Әлімханұлы Фалькаоға жауап берген. 

"Не жазғаныңды түсінбедім? Төбелесем дейсің бе? Күлкімді келтірмеші", - дейді Жәнібек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина