ӘЧ-2022: ширек финалда еуропалық екі топ-құрама кездесетін болды

ӘЧ-2022: ширек финалда еуропалық екі топ-құрама кездесетін болды
Фото: Reuters

Англия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ағылшындардың плэй-офф кезеңіндегі алғашқы қарсыласы Сенегал құрамасы болды. Еуропалық команда қарсыласын ірі есеппен жеңді. 38-минутта Джорджан Хендерсон сол қанаттан асырылған пасты голға айналдырды. Командалар үзіліске кетер уақытта Харри Кейн гол соғып, есепті еселеді.

Ал екінші таймда Букайо Сака таблодағы көрсеткішті 3:0 қылды. Үзілістен кейін сенегалдықтар есеп айырмасын қысқарту үшін көбірек шабуылдаған. Бірақ Англия қорғанысы сыр берген жоқ.

Осылайша, Англия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына өтті. Енді онда әлем чемпионы Франциямен кездеседі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш