UFC турнирінде басты жекпе-жек өтті

UFC турнирінде басты жекпе-жек өтті
Фото: ©instagram.com/ufc

Орландода (АҚШ) UFC on ESPN 42 турнирі өтті. Оның басты оқиғасы америкалықтар Стивен Томпсон (17-6-1) мен Кевин Холланд (23-9) арасындағы жартылай орта салмақтағы титулдық емес жекпе-жек болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Жекпе-жек бес раундқа есептелген еді, бірақ төртіншісінен кейін аяқталған. Өйткені Холланд жекпе-жекті жалғастыра алмаған. Стивен оған ауыр соққы жасаған. Осылайша, Томпсон карьерасында 17 мәрте жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Томпсон Шавкат Рахмановпен жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған болатын. Алайда америкалық қазақстандықпен бірге октагонға шығуға ниет білдірген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова