Месси карьерасындағы 1000-матчында гол соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады

Месси карьерасындағы 1000-матчында гол соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады
Фото: Reuters

Аргентина құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/8 финалда Аргентина құрамасы Аустралиямен кездесті. Лионель Месси бұл ойында карьерасындағы 1000-матчына шықты. Ойынынң 35-минутта Месси есеп ашты. Айып алаңында доп алған ол допты қақпада тулатты.

Ал екінші таймда Хулиан Альварес аустралиялықтардың қателігінен кейін есепті еселеді. Бірақ матчтің 77-минутында Энцо Фернандес допты өз қақпасына соғып алып, есеп айырмасы қысқарды. Ойын соңына дейін екі команданың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болды, бірақ пайдалана алмады.

Осылайша, Аргентина құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш