Қола жүлдегер үйіне қайтады. Катарда тағы бір сенсация болды

Қола жүлдегер үйіне қайтады. Катарда тағы бір сенсация болды
Фото: Reuters

Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Бельгия құрамасы Катардағы мундиальдің плэй-офф кезеңіне шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

F тобындағы шешуші 3-турда Бельгия Хорватиямен кездесті. Матч алдында хорваттардың 4, Бельгияның үш ұпайы болған. Сондықтан бельгиялық ұжымға тек жеңіс керек еді.

Дегенмен кездесуде командалар есеп аша алмады - 0:0. Матч барысында бас төреші Бельгия қақпасына пенальти белгілеген, бірақ офсайдқа байланысты оны алып тастады. Бельгиялықтар гол соғу үшін матч соңына дейін шабуылдаған, бірақ гол алға шыға алмады.

Ал параллель өткен кездесуде Марокко құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді. 4-минутта Хаким Зиеш есеп ашса, 23-минутта Юссеф Эн-Несири көзге түсті. Бірінші тайм соңына қарай Наиф Агуэрд автогол соғып, Канада есепті 1:2 қыла алды. Бірақ таразы басын теңестіре алмады.

Үшінші турдан кейін F тобында Марокко құрамасы 7 ұпаймен бірінші орын алды. Ал хорват футболшылары 5 ұпаймен екінші орын иеленді. Бұл екі команда плэй-офф кезеңіне жолдама алады. Ал төрт ұпайы бар Бельгия үшінші орын алып, турнирмен қоштасты. Катарда ұпай еншілей алмаған Канада соңғы орын алды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш