"Орынсыз пікір айттым". Канело Мессиден кешірім сұрады

"Орынсыз пікір айттым". Канело Мессиден кешірім сұрады

Танымал мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кейінгі кезде еліме деген сезімім мен сүйіспеншілігім мені елең еткізді, соның кесірінен орынсыз пікір айттым, сол үшін Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұраймын. Күн сайын жаңа нәрсе үйренеміз ғой. Міне, енді менің кезегім келді", - деп жазды Альварес Twitter-де. 

Еске салайық, бұған дейін Желіде Мессидің Мексиканы жеңгеннен кейін қарсылас команда ойыншысының футболкасымен жерді сүртіп жатқан видеосы пайда болған еді.

БАҚ өкідері футболшы киім ауыстыратын бөлмеде қуаныштан аяқ астындағы заттарды көрмей қалған да болуы мүмкін деп болжады. Бірақ Канело мұны байқап, Мессиге сес көрсеткен еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек