Алғашқы жеңісі. Әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан тағы бір құрама анықталды

Алғашқы жеңісі. Әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан тағы бір құрама анықталды
Фото: Reuters

АҚШ құрамасы Катардағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

В тобының 3-турында Иран мен АҚШ құрамалары кездесті. Бұл кездесуде қай жеңгені плэй-офф кезеңіне шығатын еді. 

Матч тағдырын бір гол шешті. 38-минутта Кристан Пулишич оң қанаттан асырылған допты қақпада тулатты. Сол сәтте футболшы жарақат алып, үзілісте орнын әріптесіне босатты.

Екінші таймда ирандықтар таразы басын теңестіруге тырысты. Себебі командалар тең түссе, топтан Иран шығатын еді. Бірақ азиялық команда үзілістен кейін қанша шабуылдаса да, гол соға алмады. Матч 1:0 есебімен АҚШ-тың жеңісімен аяқталды.

Үш турдан соң алғашқы жеңісіне жеткен америкалықтар 5 ұпай жинап, топтан екінші орынмен шықты. Ал Иран үш ұпаймен топта үшінші орын алды.

Бұған дейін В тобында Англия құрамасы плэй-оффқа шыққанын жазған едік.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш