Қазақстандық нокаутшы екі жылдық үзілістен кейін рингке қашан оралатынын айтты

Қазақстандық нокаутшы екі жылдық үзілістен кейін рингке қашан оралатынын айтты
Фото: Vesti.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі айда шаршы алаңға шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшы Instagram-парақшасында келесі жекпе-жегі Алматыда 24 желтоқсанда өтетінін хабарлады.

Еске салайық, Ахмедов 2021 жылғы қаңтардан бері рингке шықпады.

Бұған дейін 24 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс кешінде Батыр Жүкембаевтың да WBC Asia титулын сарапқа салатыны белгілі болған.

 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек