Катардағы ӘЧ: плэй-офф кезеңіне шыққан тағы бір құрама белгілі болды

Катардағы ӘЧ: плэй-офф кезеңіне шыққан тағы бір құрама белгілі болды
Фото: Reuters

Бразилия құрамасы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

G тобының екінші турында бразилиялықтар Швейцариямен кездесті. Матчте соққы көп бола қоймады, ойын  тағдырын бір ғана гол шешті. 64-минутта Винисиус Джуниор гол соққан, бірақ төреші офсайдқа байланысты бұл допты есепке алған жоқ.

Ал 83-минутта Каземиро айып алаңында қараусыз қалып, алыс бұрышты дәл көздеді. Бұл гол Бразилия құрамасына 1:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін бразилиялықтар алты ұпай еншілеп, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Швейцария құрамасы екінші орында - үш ұпай. Камерун мен Сербияда бір ұпайдан бар.

3-тур ойындары енді 2 қарашада өтеді. Бразилия Камерунмен, Швейцария Сербиямен күш сынасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш