Алаңға жедел жәрдем кірді. Түркиядағы матчте күтпеген жағдай болды

Алаңға жедел жәрдем кірді. Түркиядағы матчте күтпеген жағдай болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркияның бірінші лигасындағы "Гезтепе" мен "Алтай" командалары арасындағы мачте алаңға ашулы жанкүйер жүгіріп шығып, бір футболшының басынан тумен ұрды, - деп хабарлайды Vesti.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Алдымен "Алтай" жанкүйерлері отшашумен белгі беретін тапаншамен "Газтепе" трибунасына қарай атты. Бірнеше адамға медициналық жәрдем қажет болып, алаңға жедел жәрдем көлігі кірді. Кейін "Газтепе" жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, бұрышта тұрған жалаумен "Алтай" қақпашысы Озан Озенктің басынан ұрды. 

Осылайша, матч бірінші тайм ортасында тоқтатылды. 

Айта кетейік, "Алтай" бірінші лигада 11-орында, ал "Гезтепе" 13-орында тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек