Коста-Рика құрамасы ірі жеңілістен кейін үш ұпай алды

Коста-Рика құрамасы ірі жеңілістен кейін үш ұпай алды
Фото: Reuters

Әлем чемпионатының 1-турында Испаниядан ірі есеппен жеңілген Коста-Рика құрамасы алғашқы жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2-турда команда Жапониямен кездесті. Азиялық құрама алғашқы ойынында Германияны 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді. 

Жапония - Коста-Рика матчінің бірінші таймында гол соғылмады. Жалғыз гол 81-минутта соғылды. Кейшер Фуллер дәл соққы жасап, Солтүстік Америка өкілдеріне жеңіс сыйлады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш