Мбаппе Франция құрамасын әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне алып шықты

Мбаппе Франция құрамасын әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне алып шықты

Франция құрамасы әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2-тур матчында француздар Даниямен кездескен. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Ал 61-минутта Килиан Мбаппе Франция құрамасын алға шығарды. Дегенмен араға жеті минут салып, даниялықтар таразы басын теңестіре алды. Андреас Кристенсен көзге түсті. 

Француздар матч соңына қарай жеңісті жұлып әкетті. 86-минутта Килиан Мбаппе жеңіс голын соқты - 2:1.

Осылайша, Франция құрамасы D тобында 6 ұпай еншілеп, плэй-офф кезеңіне жолдама алып қойды. Екінші орындағы Аустралияда үш ұпай бар. Ал Дания мен Тунистің еншісінде бір ұпайдан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш