Сауд Арабиясы екінші рет сенсация жасай алмады

Сауд Арабиясы екінші рет сенсация жасай алмады
Фото: Reuters

Польша құрамасы Катардағы әлем чемпионатының екінші турында Сауд Арабиясын сенімді жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Польшалықтар сапында Петр Зелиньски мен Роберт Левандовски гол соқты. Осылайша, "Барселона" форварды әлемдік додадағы алғашқы голын соқты. Бірінші таймның соңында араб футболшылары пенальти тебуге мүмкіндік алған. Бірақ он бір метрден мүлт кетті.

Польша құрамасы осы жеңістен соң төрт ұпаймен топта көш бастады. Екінші орында Сауд Арабиясы тұр - 3 ұпай.

Айта кетейік, бірінші турда Сауд Арабиясы Аргентина құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасаған еді. Ал Польша Мексикамен ұпай бөліскен болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш