Катардағы ӘЧ: Англия құрамасы АҚШ-пен ұпай бөлісті

Катардағы ӘЧ: Англия құрамасы АҚШ-пен ұпай бөлісті
Фото: Reuters

Футболдан Англия құрамасы әлем чемпионатындағы екінші матчінде АҚШ-пен ұпай бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жанкүйерлер Англия В тобының айқын фавориті ретінде үш ойында да жеңеді деп топшылаған. Алғашқы ойында фаворит екенін бірден дәлелдеген еді - Иранды 6:2 есебімен тас-талқан еткен болатын.

Ал АҚШ құрамасы 1-турда Уэльспен тең түскен.

Екінші турдағы ойында Англия мен АҚШ футболшылары есеп аша алған жоқ. Қақпаға соққылар жиі жасалмады. Ағылшындар үзілістен кейін америкалықтар қақпасына екі ғана соққы жасаған. Жанкүйерлер гол көре алмай, 0:0 есебі тіркелді.

Осы ойыннан кейін Англия құрамасы төрт ұпаймен көш басында тұр. Иран үш ұпаймен екінші, екі ұпайы бар АҚШ үшінші орында тұр. Ал Уэльс бір ұпаймен соңғы орында.

В тобының 3-турындағы ойындар 29 қарашада өтеді. Уэльс пен Англия, Иран мен АҚШ құрамалары күш сынасады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш