"Бір мезетте қарсыласпен және төрешілермен төбелесу қиын". Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады

"Бір мезетте қарсыласпен және төрешілермен төбелесу қиын". Жалғас Жұмағұлов мәлімдеме жасады
Фото: Reuters

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов карьерасына қатысты тың мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Бір мезетте қарсыласпен және төрешілермен төбелесу қиын. Мен жолым жалпы жеңіл емес. Карьерамның барлық кезеңінде қиындықтардан өттім. Төрешілер қағаз жүзінде менің рекордымды бұзған шығар. Бірақ жанкүйерлер менің қай кездесулерде жеңіске жеткенімді біледі. Соғыс әлі аяқталмады", - деп жазды Жұмағұлов Instagram-парақшасында. 

Айта кетейік, өткен жексенбіде Жұмағұлов UFC ұйымында америкалық Чарль Джонсоннан төрешілер шешімі бойынша жеңілді. Сол айқастан кейін ол карьерасын аяқтағанын хабарлаған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина