Әлемнің вице-чемпионы Катардағы жарысты сәтсіз бастады
Фото: Reuters

Әлемнің вице-чемпионы Катардағы жарысты сәтсіз бастады

Әлемнің вице-чемпионы Хорватия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының алғашқы матчінде ұпай жоғалтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әл-Байт" стадионындағы кездесу F тобы аясында өтті. Хорватия Катарға әлемнің вице-чемпионы ретінде келді. 2018 жылы Ресейде бұл құрама финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленген. Ал 2022 жылғы додадағы алғашқы кездесуін хорваттар Марокко құрамасына қарсы өткізді.

Бұл ойында командалар тең деңгейде ойнады, есеп ашылмады - 0:0. Енді F тобындағы келесі матч түнгі 01:00-де Бельгия мен Канада арасында өтеді.

Хорватия құрамасы келесі ойынында 27 қарашада Канадамен күш сынасады. Ал Марокко футболшылары әлемнің қола жүлдегері Бельгиямен ойнайды.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш