Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңілді

Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңілді
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктері командасына қарсы жолдастық матч өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық футболшылардың 2022 жылдағы соңғы кездесуі БАӘ құрамасына қарсы болды. Әбу-Дабидегі матчте алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 13-минутында Фабио Лима есеп ашты. Қазақстандықтар екінші таймда таразы басын теңестері алды - 62-минутта сол қанаттан асырылған допты Абат Айымбетов басымен жақын бұрышқа дәл көздеді. 

Бірақ араб әмірліктерінің командасы 71-минутта жеңісті жұлып әкетті. Айып алаңында қараусыз қалған Лима гол соғып, дубль авторы атанды. 

79-минутта Александр Марочкин алаңнан қуылып, қазақстандықтар ойынды 10 футболшымен аяқтады. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. Қыркүйектің аяғында Ұлттар лигасы аясында Әзербайжанға, үш күн бұрын жолдастық матчте Өзбекстанға жол берген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш