"Тағатсыздана күтемін". Ангелина Лукас қазақ тілінде мәлімдеме жасады

"Тағатсыздана күтемін". Ангелина Лукас қазақ тілінде мәлімдеме жасады
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі туралы қазақ тілінде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы спортшының айтуынша, оның жекпе-жегі 2022 жылғы 11 желтоқсанда өтеді.

"Келесі жекпе-жегім туралы сіздерге айтатын жаңалықтарды асыға күтіп отырмын!
2022 жылдың аяғына дейін мен тағы бір күшті қарсылас қарсы рингке шығамын, әлем титулы үшін 10 раундтық жекпе-жек болады!

Мен рингке қайта шығуды кутіп жүрмін! Бұл қызық жекпе-жек болатынына сенімдімін! Біз әйелдер кәсіпқой боксының бүкіл спортшысын талқандаймыз!! Тағатсыздана күтемін", - деп жазған спортшы парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Angelina Lukas (@angelina_lukas1997)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек