Жұмағұлов-Джонсон жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?

Жұмағұлов-Джонсон жекпе-жегін қайдан және қашан көруге болады?
Фото: UFC

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) 20 қарашада UFC Fight Night 215 турнирінде Чарль Джонсонмен жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

34 жастағы Жұмағұлов пен 31 жастағы Джонсон бастапқы кардтың негізгі айқасында кездеседі. Жекпе-жектер сағат 00:00 басталса, Жалғас Жұмағұлов шашамен сағат 03:00 октагонға шығуы тиіс. Жалпы бұл турнирде 12 жұп  жекпе-жекке шығады.

Қазақстандық файтер қатысатын жекпе-жекті "Матч! Боец" және UFC Fight Pass платформасынан тамашалай аласыздар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек