Бұрын жеңілмеген мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

 Бұрын жеңілмеген мексикалық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия (40-0, 32 КО) келесі жылы орта дивизионда WBA Super, IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 KO) жекпе-жек өткізуге ниет білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канеломен" кейінгі жекпе-жекте Головкин өзінің әлі де мықты спортшы, күшті қарсылас екенін көрсетті. GGG мен "Канело" керемет жекпе-жек көрсетті. Менің ойымша, ол екеуіміз де керемет жекпе-жек өткізе аламыз. Сонымен қатар, ол әлі де орта салмақтағы чемпион, мен бұл атақ үшін күрескім келеді", - деп келтірді Мунгияның сөзін Boxingscene.com.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" трилогиясы 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, Альварес төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова