"Көгерген көзбен естелік". Әлімханұлы жекпе-жектен кейінгі суретін жариялады

"Көгерген көзбен естелік". Әлімханұлы жекпе-жектен кейінгі суретін жариялады
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) өткізген жекпе-жегінен кейін суретін бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Көк туды желбіретем деп көгерген көзбен де бір естелік суретке түсіп қояйын. Ара-арасында осылай әзілдеп тұрмасақ, қырам-жоям деп жұрттың бәрін шошытып біттік. Жеңістеріңіз құтты болсын, белбеу көбейсін. Тарих жалғассын!" - деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегастағы бокс кешінде Дензел Бентлиді ұпай санымен жеңіп, белбеуін қорғап қалған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек