Әлімханұлы мен Бентлидің жекпе-жектен кейінгі әсерлі видеосы жарияланды

Әлімханұлы мен Бентлидің жекпе-жектен кейінгі әсерлі видеосы жарияланды
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-та өткен титулдық жекпе-жектен кейін қарсыласы Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) кездесті, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген Әлімханұлы қарсыласының киім ауыстыратын бөлмесіне кіріп, құрметке бөленді.

"Құрметтен басқа ештеңе жоқ! Чемпион! @qazaqstyle тамаша жекпе-жек үшін рақмет!" - деп жазды ұлыбританиялық қарсылас.

Еске салайық, Лас-Вегастағы титулдық жекпе-жек 12 раундта аяқталып, төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек