Танымал файтер 38 жасында қайтыс болды

Танымал файтер 38 жасында қайтыс болды
Фото: © Getty Images

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Энтони Джонсон 38 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengri Sport. БАҚ мәліметінше, оның денсаулығы сыр бере бастаған.

Спортшы өлімінің себебі туралы ресми ақпарат жоқ. Танымал файтер соңғы жекпе-жегін 2021 жылғы мамырда өткізді. Ол Bellator 258 турнирінде нокаутпен жеңді.

Rumble лақап атымен танымал Джонсон UFC титулы үшін жекпе-жекке шығуы мүмкін еді, бірақ екі рет тұншықтыру арқылы Дэниел Кормьеден екі рет жеңіліп қалды.

Джонсон тек әсерлі жекпе-жектерімен ғана емес, салмақ өлшеу кезіндегі түрлі даулы оқиғасымен де танымал. Ол бірнеше рет салтанатты рәсімнен сүрінген еді, кейін жартылай ауыр салмақта өзін көрсетті.

"Энтони Джонсон біз көрген ең ауыр панчерлердің бірі ретінде мәңгі есте қалады", - деп пікір қалдырған Twitter қолданушысы.

Джонсон 29 жекпе-жектің 23-інде жеңіске жетті, оның 17-сі нокаутпен аяқталған. Тағы алты жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек