"Бізде бәрі қазақша!" Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен соң үндеу жасады

"Бізде бәрі қазақша!" Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен соң үндеу жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғағаннан кейін үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бізде бәрі қазақша! Қазақ тілі ауыл арасындағы тіл емес. Міне, Лас-Вегаста, 90 млн аудиториясы бар ESPN арнасында қазақша сөйлеп отырмыз! Қазақ тілі - мақтаныш, қазақ тілі - өнер, қазақ тілі - мәдениет!", - деді ол.

Еске салайық, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салған Әлімханұлы мен Бентли Лас-Вегаста жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша, жеңіс Әлімханұлына берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова