Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үшінші алтын жеңіп алды
Фото: SportsX.kz

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің ақтық жекпе-жегінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жапон боксшысы Ирие Сенаға қарсы жұдырықтасты. Тартысты өткен бұл кездесудің үш раунды аяқталған соң, төрешілер жеңісті Карина Ибрагимоваға берді. 

Еске салайық, бұған дейін әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) және Жайна Шекербекова (54 келі) алтын жүлде жеңді. 

Ал Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) қола жүлденің иегерлері атанды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек