Қазақстандық боксшы "Канелоның" қарсыласы атануы мүмкін

Қазақстандық боксшы "Канелоның" қарсыласы атануы мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасындағы тағы бір әлем чемпионы шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz

Али Ахмедов алдағы жекпе-жегінде франциялық боксшы Кристиан М’Биллиді (22-0, 20 КО) жеңетін болса, WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанады. 

Ал қазіргі уақытта екінші орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО). Оның алдағы қарсыласы америкалық Давид Бенавидес пен Калеб Плант арасындағы кездесуде анықталады. Кейін осы кездесудің жеңімпазы Ахмедов - М’Билли айқасында жеңіске жеткен боксшымен жолығады. 

27 жастағы М’Билли соңғы кездесуін қыркүйекте өткізіп, америкалық Деандре Уэрден (15-4-2, 9 КО) айласын асырды. Осы кездесуде франциялық WBA International және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді. 

Ахмедов те соңғы кездесуін қыркүйекте өткізді. Ол төрешілер шешімі бойынша Габриэль Росадодан үстем түсіп, IBF North America және WBC Silver белбеулерін жеңіп алды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова