"Күтпеген жайт деп осыны айт!" МакГрегор "Ливерпуль" футбол клубын сатып алмақ

"Күтпеген жайт деп осыны айт!" МакГрегор "Ливерпуль" футбол клубын сатып алмақ
Фото: REUTERS

Жеңіл және жартылай орта салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор "Ливерпуль" футбол клубын сатып алмақ. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мұны қуана-қуана істер едім ("Ливерпульді" сатып алуды!) Иә, клуб сатылатынын естігенде ол туралы ақпарат алуға тырыстым. Күтпеген жайт деп осыны айт!", - деп жазды ол. 

Fenway Sports Group компаниясы "Ливерпульді" сатылымға қойған және сатып алам деушілермен сөйлесуге дайын. Компанияның негізін қалайшу Джон Генри клубты 2010 жылы сатып алған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина