Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінің көшбасшысы өзгерді

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінің көшбасшысы өзгерді
Фото: sportx

Футболшылардың трансферлік құнын бағалайтын Transfermarkt порталы әлемдегі ең қымбат ойыншылардың жаңартылған нұсқасын жариялады.

Рейтинг басында трансферлік құны 170 миллион еуроға бағаланған «Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холланн тұр.

«ПСЖ» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе (160 миллион еуро) екінші орында, «Реал» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус (120 миллион еуро) үштікті қорытындылаған.

«Манчестер Сити» мен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Фил Фоден (110 миллион еуро) төртінші орынға көтерілді. Үздік бестікті «Барселона» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Педри (90 миллион еуро) түйіндеді.

2022/23 маусымында Эрлинг Холланн «Манчестер Сити» сапында барлық ойында 16 матч өткізіп, 22 гол соқты.

Т. Раушанұлы