Оливейра қазақстандық файтермен жекпе-жекке шыға ма?

Оливейра қазақстандық файтермен жекпе-жекке шыға ма?
Фото: Reuters

33 жастағы бразилиялық UFC файтері Чарльз Оливейра қазақстандық Рафаэль Физиевпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengri Sport Championat сайтына сілтеме жасап.

"Олай болмайды. Маған үзіліс керек. Рақмет, жігіттер!", - деп жазды бразилиялық файтер Twitter-парақшасында. Біраз уақыттан кейін Физиев бұл хабарламаға жауап берді. "Чемпионға лайық демалыстан рахат алыңыз", - деп жазды Рафаэль.

Еске салайық, Чарльз Оливейра кейінгі жекпе-жегін ресейлік файтер Ислам Махачевпен өткізген еді. Ислам ұйымның жаңа жеңіл салмақтағы титулының иегері атанды.

Физиев кейінгі жекпе-жегінде бразилиялық ардагер Рафаэль дос Анжосты бесінші раундта нокаутқа түсірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек