Қазақстандық спортшының Азия чемпионатында өзбек қарсыласын жеңген видеосы шықты

Қазақстандық спортшының Азия чемпионатында өзбек қарсыласын жеңген видеосы шықты
Фото: Видеодан алынған кадр

Жастар арасында 2021 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің 1/8 финалында Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі спортшылар арасында өзбекстандық Асилбек Джалиловты 5:0 есебімен жеңді.

Енді жартылай финал үшін айқаста жерлесіміз қырғызстандық Мирлан Туркбай уулумен жекпе-жекке шығады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек