Бибосыновтың Азия чемпионатындағы ең басты қарсыласы аталды

Бибосыновтың Азия чемпионатындағы ең басты қарсыласы аталды

The Fight Site шолушысы Тейлор О’Хиггинс Амманда (Иордания) өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында әуесқой бокстағы ең мықты айқастардың бірі өтетінін болжап отыр. Оның ойынша, жартылай финалда қазақстандық Сәкен Бибосынов пен жапониялық Томоя Цубои бетпе-бет келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Былтыр 54 келіде әлем чемпионы атанған Томоя Цубои Азия чемпионатына өте жеңіл салмақта өнер көрсетіп, Азат Махметов үшін тым мықты болып шықты. Енді жартылай финалда Бибосыновпен айқасу ықтималы өте жоғары", - деп жазды О’Хиггинс Twitter желісінде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина