Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында өзбек қарсыласынан жеңіліп қалды

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында өзбек қарсыласынан жеңіліп қалды
Фото: ©instagram.com/sanatali_toltayev/

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Амманда Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

63,5 келіде сынға түсетін Төлтаев өзбекстандық Руслан Абдуллаевпен жұдырықтасты. Төрешілер бұл жекпе-жекте жеңісті өзбекстандыққа берді - 30:27, 30:27, 30:27, 29:28, 29:28.

Бұған дейін қазақстандық Серік Теміржанов турнирдің ширек финалына шыққан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш