Қазақ па, өзбек пе? Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарады

Қазақ па, өзбек пе? Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы видео тарады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Желіде Шавкат Рахмоновтың ұлты туралы айтылған видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

28 жастағы файтер Өзбекстанда туған, алайда оның спорттағы жетістіктері Қазақстанмен байланысты. 

"Оның әкесі қазақ. Рахмонов әкесіне және Брюс Лиге ұқсайды", - дейді "Яккакураш олами" YouTube-арнасының авторлары. 

Файтердің әкесінің бойы 187 сантиметр. Шавкаттың анасы туралы да ақпарат бар. 

"Бұл Ташбува Атамурадова. Ол қоңырат, оның ішінде алпамыш. Ол өзбек эпосы Байсын-таудан тараған", - дейді арна авторлары. 

"Шавкат өзбек тілінде оқыған. Латын әліпбиімен. Қазақстанға алғаш келген жылдары қиын болған, себебі ол орыс тілін білмеген еді", - дейді арна авторлары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина