"Айырмашылық бар". Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегіне болжам жасалды

"Айырмашылық бар". Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегіне болжам жасалды
Фото: ©twitter.com/qazaqstyle

Talk Sport порталының редакторы Майкл Бенсон орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) алдағы жекпе-жегіне болжам жасады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жектің басты интригасын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олардың арасындағы жекпе-жек 12 қарашада Лас-Вегаста Palms Casino Resort аренасында өтеді және 12 раундқа есептелген.

"Алғашқы титулды қорғаудағы жаман қарсылас емес. Бентли - жекпе-жектің жоғары деңгейі мен жылдамдығын сақтай алатын мықты боксшы. Соған қарамастан, қарсыластар арасындағы соққы күшінде айырмашылық бар. Менің ойымша, қазақстандықтың жеңіске жету мүмкіндігі көбірек. Тек өзінің мықты тұстарын пайдалана ала ма деген сұрақ туындайды. Бұл текетіресте мерзімінен бұрын жеңуі мүмкін деп ойлаймын", - деді Бенсон.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш