Сарапшы мексикалық нокаутшыны Әлімханұлымен айқастан бас тартуға шақырды

Сарапшы мексикалық нокаутшыны Әлімханұлымен айқастан бас тартуға шақырды

Ring IQ Boxing Talk Youtube-арнасы мексикалық Хайме Мунгияны (40-0, 32 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жектен бас тартуға шақырған видео жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Егер Мунгияның қазіргі әлем чемпионадарынан жеңілу қаупіне баға берсек, оған Әлімханұлынан гөрі Чарломен айқасқан жөн. Жәнібекпен жекпе-жек қаржылық жағынан Чарломен Техаста жұдырықтасқандай пайда бермейді.

Джермалда да сондай титул, бірақ, Әлімханұлымен жекпе-жекке қарағанда ақша көбірек. Атағы жағынан салыстырсақ та, Чарлоның аты профильде маңыздырақ болады", - деп есептейді арна авторы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина