Блогер "Канеломен" айқасқа шықпақ

Блогер "Канеломен" айқасқа шықпақ
Фото: Twitter/ jakepaul

Кейінгі жылдары бокспен шұғылданып жүрген америкалық блогер Джейк Пол (6-0, 5 КО) АҚШ-тың Глендейл қаласында өткен бокс кешінде UFC ұйымының экс чемпионы Андерсон Силваны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыдан кейін Пол атақты екі спортшыны - 37 жастағы UFC жұлдызы Нейт Диас (23-13) пен кәсіпқой бокстағы ең мықтылардың бірі мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (58-2-2, 39 КО) жекпе-жекке шақырды.  

"Маған Нейт Диасты келесі қарсылас қылып алып келіңдер... және "Канело" сен де", - деді Джейк Пол жекпе-жектен кейін. 


©twitter.com/jakepaul

Айта кетейік, Джейк Пол соңғы рет шаршы алаңға 2021 жылдың желтоқсанында шығып, UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Тайрон Вудлимен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Ол кездесудің алтыншы раундында блогер қарсыласын нокаутқа жіберді. Жалпы, Джейктің еншісінде кәсіпқой бокста осымен алты жекпе-жек бар және барлығында жеңіске жеткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина