Промоутер "Канелоның" өтірігін ашты

Промоутер "Канелоның" өтірігін ашты
Фото: Getty Images

Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирн жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуі үшін Бивол-Рамирес айқасында отандасына жанкүйер боламын деген Сауль "Канело" Альварестің сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

5 қараша Абу-Дабиде Хильберто көктемде "Канелоны" жеңген ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жекке шығады. 

Хирннің айтуынша, "Канело" Биволдың жеңгенін қалайды. Өйткені Альварес ресейлікпен қарымта өткізіп, өзі жеңгісі келеді. 

"Бұл Бивол мен Рамирес арасындағы тамаша айқас болады, карды да мықты. "Канелоның" айтуынша, ол Рамирестің жеңгенін қалайды, өйткені ол - отандасы. Дегенмен жүрегінің түбінде ол Биволдың жеңгенін қалайды. Дмитрий жеңіске жетсе, олар қарымта өткізе алады. Бұл осы дивизиондағы ауқымды айқас. Дмитрий мен Хильберто жекпе-жегінен кейін біз Альвареспен қарымта туралы ашық сөз қозғай аламыз", - дейді Хирн. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек