"Біздің туды жауып тастады". Қазақ спортшысы мінбердегі дау туралы айтып берді

"Біздің туды жауып тастады". Қазақ спортшысы мінбердегі дау туралы айтып берді
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Қазақстан мен Түркия спортшыларының арасында туға байланысты туындаған даудың видеосы тарады. Оқиға 50 келіге дейінгі армрестлингтен жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде болды, - деп хабарлайды mgorod.kz.

Қазақстанның екі спортшысы (екінші және үшінші орындарды иеленген Дана Асанова мен Диана Тюкова) мен түрік спортшысы Дерья Черен жеңіс тұғырына көтерілді. Алайда қыздар арасында мемлекеттік туға байланысты дау туындады. Дана Асанова марапаттау кезінде болған оқиға туралы айтты.

"Біз Қазақстанның туын көрсеткіміз келді, бірақ Түркияның спортшысы келіп, өз туын көтеріп тұра алса да, біздің туды жауып тастады. Бұл Диана екеумізге ұнамай, туымызды тағы да алға шығардық, бірақ ол да берілмеді. Кейін біз оны жоғары көтеруді шештік. Неге біздің қазақтың туын басқа ту жабуы керек? Кейінірек олар маған осы оқиғаның видеосын жібере бастады, ал ол барлық сайтқа тарап кетті", - дейді спортшы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек