"Жыл нокауты болады". Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады

"Жыл нокауты болады". Әлімханұлы батыл мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Top Rank компаниясының Twitter желісіндегі жазбасына жауап жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

12 қарашада Жәнібек WBO белбеуін алғаш рет британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы қорғайды. 

"Вегаста Әлімханұлынан тағы бір жыл нокауты бола ма екен?", - делінген еді Top Rank жазбасында.

Жәнібек бірден жауап берді.

"Иншааллах, мен оны нокаутқа түсіремін. Бұл жай нокаут емес, жыл нокауты болады!".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина