"Соңғы". Головкинге гонорары көп жекпе-жек ұсынылды

"Соңғы". Головкинге гонорары көп жекпе-жек ұсынылды

Manny Boxing Channel Youtube арнасы орта салмақта WBA, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 KО) үлкен жекпе-жек үшін титулдарды қорғаудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келісім бойынша, қазақстандық боксшы IBF белбеуін Эскива Фалькаоға, одан кейін WBA титулын Эрисланди Лараға қарсы қорғауы тиіс.

"IBF Головкинді бразилиялық Эскива Фалькао, WBA - Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Бірақ Головкин екеуімен де шықпауы ықтимал. Ол ешкімді тыңдауға міндетті емес, Головкин үлкен жекпе-жек өткізіп, зейнетке кете алады. Ол басқа боксшы - Хайме Мунгияның арманын орындаса. Мунгия көптен бері Головкинмен жұдырықтасқысы келеді. Ол мықтырақ қарсылас және үлкен табыс әкеледі. Сондықтан міндетті жекпе-жектер өтпеуі де мүмкін", - деп атап өтті Manny Boxing Channel.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова