Қазақстан қол күресінен Әлем чемпионатында бірінші орын алды

Қазақстан қол күресінен Әлем чемпионатында бірінші орын алды

Түркияның Анталия қаласында армрестлингтен ересектер, жастар және ардагерлер арасында өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қол күресінен ҚР спортшылары барлығы 68 алтын, 66 күміс және 36 қола медаль жеңіп алды.

54 елден 1700 спортшы қатысқан жарыста Қазақстанның намысын 200 спортшы қорғады.

Командалық есепте Түркия мен Болгария құрамалары да үздік үштікке енді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова